Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Түркия парламентінде шенеуніктер жаға жыртысты

    Түркия парламентінде шенеуніктер жаға жыртысты

    Фото: REUTERS / Stringer

    Түркия парламентінде жаңа Әділет министрінің ант беру рәсімі кезінде депутаттар төбелес шығарды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Euronews басылымының жазуынша, жаңа Әділет министрі ант беріп жатқан кезде оппозициялық партия мен билеуші партияның депутаттары арасында жанжал шыққан. Оппозиция депутаттары Ыстанбұлдың бас прокуроры болып, Әділет министрі лауазымына тағайындаған Акин Гюрлектің парламентте ант беруіне кедергі жасауға тырысқан. Салдарынан қызу пікірталас соңы төбелеске ұласып, депутаттар бірін-бірі итеріп, жаға жыртысқан.

    Акин Гюрлек былтыр наурызда Ыстанбұлдың мэрі болған Экрем Имамоғлыны қамауға алу туралы ордер берген болатын. Тиісті шешім Түркия бойынша жаппай наразылықтың тұтануына себеп болған.

    «Бұл анттың күші жоқ, себебі оның шарттары сақталмады. Прокурор қызметінен кетпей тұрып, ант қабылдауға болмайды», – деді депутат Мұрат Эмир.

    «Риа Новости» агенттігінің жазуынша, осы оқиғадан кейін парламент отырысында үзіліс жарияланды.

    Кейін Гюрлек ант беріп, ресми түрде министрлікті басқарды. Бұдан бөлек сәрсенбі күні Түркияның жаңа ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи де ант берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →