Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ақордада маңызды жиын: Тоқаев жаңа Конституция жобасының тағдырын талқылады

    Президент Тоқаев күштік құрылымдардың басшыларымен кездесіп, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын және жаңа Конституция жобасының қорытындысын талқылады.

    Ақордада маңызды жиын: Тоқаев жаңа Конституция жобасының тағдырын талқылады
    file_447.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларын жинап, азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша маңызды кеңес өткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ақорданың хабарлауынша, жиынға Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және негізгі құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Кездесудегі басты тақырып – елдегі азаматтардың заңды мүддесін қорғау шаралары болды.

    Кеңесте ең алдымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

    Сонымен қатар Президент жиынға қатысушыларға жаңа Конституция жобасын әзірлеген Конституциялық комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндады. Бұл құжат елдің саяси болашағы үшін аса маңызды екені атап өтілді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →