Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    15 млн оқырманды алдады: Жанабыловтар ісі бойынша жаңа деректер жарияланды

    Танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова үйқамаққа алынды. Оларға заңсыз бизнес пен ақша жымқыру айыбы тағылды.

    15 млн оқырманды алдады: Жанабыловтар ісі бойынша жаңа деректер жарияланды
    file_384.jpg

    Танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісіне қатысты тергеу аяқталды. Ерлі-зайыптылар үйқамаққа алынып, енді сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оларға заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, ақша жымқырды деген айып тағылып отыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар Instagram желісіндегі 15 миллионнан астам оқырманының сенімін пайдаланып, заңсыз табыс тапқан. Олар онлайн-курстар сату арқылы жұртты алдаған. Іс жүзінде адамдар курсты білім алу үшін емес, қымбат көліктер мен ақшалай сыйлықтар ойнатылатын ұтыс ойынына қатысу үшін сатып алған.

    «Тексеріс барысында курстардың шынайы білім беретін құндылығы жоқ екені анықталды. Бейнежазбалардың бір бөлігі YouTube сияқты ашық дереккөздерден алынып, заңсыз лотереяны жасыру үшін ғана қолданылған. Сыйлықтар блогерлердің жеке қаражатынан емес, қатысушылардың өз ақшасынан төленген. Сондай-ақ, электронды „сәттілік барабаны“ көбіне 5000 теңгелік ұтыс түсетіндей етіп бапталған, ал қымбат сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігі әдейі төмендетілген», — деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

    Бұдан бөлек, блогерлер оқырман санын арттыру үшін ең көп репост жасаған қатысушыға 11-ші көлікті сыйлаймыз деп уәде берген. Алайда, жеңімпаз анықталмаған, көлік те ешкімге берілмеген.

    Нәтижесінде олардың бақылауындағы «Zhana Business» ЖШС шотына 247,5 млн теңге түскен. Оның 60 млн теңгесі депозиттерге салынған.

    Сот шешімімен 10 көлікке, оның ішінде Lamborghini Urus және Lexus LX 600 сияқты қымбат көліктерге, сондай-ақ 17 iPhone телефонына тыйым салынды.

    Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты «үйқамақ» бұлтартпау шарасы таңдалды. Олар іс материалдарымен танысып жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →