Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Тоқаев Пәкістанда: «Бұл сапар тарихи мәнге ие және достығымыздың маңызды кезеңі»

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға тарихи сапармен барып, екі ел арасында стратегиялық серіктестік орнатуға келісті.

    Тоқаев Пәкістанда: «Бұл сапар тарихи мәнге ие және достығымыздың маңызды кезеңі»
    file_372.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға алғашқы мемлекеттік сапары аясында Премьер-министр Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізіп, екі ел қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Кездесу екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті. Мемлекет басшысы бұл сапардың тарихи маңызы зор екенін және уақыт сынынан өткен серіктестіктің жаңа кезеңін бастайтынына сенім білдірді. Оның айтуынша, бұл сапар Қазақстан мен Пәкістан арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 34 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.

    «Мен халықтарымыздың Жібек жолы арқылы және кең таралған ислам өркениеті аясында ғасырлар бойы қалыптасқан достығын жоғары бағалаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент Пәкістанның Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан бері Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін ерекше атап өтті. Келіссөздер нәтижесінде қол қойылған Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларация екіжақты ықпалдастыққа тың серпін беретін болады.

    Сондай-ақ, тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударды. Қазақстан Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға мүдделі. Осы мақсатта Тоқаев Пәкістанға сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды арттыруға бағытталған нақты ұсыныстармен келгенін жеткізді.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды және оны биыл қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Екі ел БҰҰ, ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →