Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ұлттық Банк мәлімдеді: Ақпанда 450 млн долларға дейін сатылуы мүмкін

    Қаңтарда теңге 0,9%-ға нығайды. Енді Ұлттық Банк ақпанда Ұлттық қордан 350-450 млн доллар көлемінде валюта сатуды жоспарлап отыр.

    Ұлттық Банк мәлімдеді: Ақпанда 450 млн долларға дейін сатылуы мүмкін

    Қаңтар қорытындысы бойынша теңге долларға шаққанда 0,9%-ға нығайып, 501,24 теңге болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ұлттық Банк дерегінше, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі бір айда 359 млн доллардан 306 млн долларға дейін төмендеген. Ал жалпы сауда-саттық көлемі 5,8 млрд долларды құрады.

    Республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қаңтарда Ұлттық қордан 350 млн АҚШ доллары сатылды. Бұл – жалпы сауда-саттық көлемінің 6%-ы. Күніне сатылған валюта мөлшері 18,5 млн доллардан аспаған.

    «Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері мен күтілетін фискалдық түсімдерді ескере отырып, ақпан айында Ұлттық қордан 350-450 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сату жоспарланып отыр», – деп хабарлады Ұлттық Банк.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →