Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ғазиз Әбішев: Кейбір банктер миллиардтар үшін елді қатерге тігіп отыр

    Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Тоқаевтың ескертуіне пікір білдірді. Ол кейбір банктер жылдам пайда үшін елдің мүддесін қатерге тігіп отыр деп санайды.

    Ғазиз Әбішев: Кейбір банктер миллиардтар үшін елді қатерге тігіп отыр
    file_361.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың банктерге қатысты жасаған қатаң мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл жағдайдың астарында ұлттық мүддеге қауіп төндіретін үлкен ойын жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысының сөзінше, бір жылдың ішінде қазақстандық банктердің бірі арқылы көрші елден үшінші мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаражат аударылған. Саясаттанушы мұны өте күрделі оқиғаның бетіне шығуы деп бағалады.

    «Ел тағдырына жауапкершілігі жоқ көпшілік комментаторлар не десе де, оны айта береді. Бірақ Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда жаһандық тұрақсыздықтан келетін ықтимал зиянды азайту үшін өте сақ қимылдауға мәжбүр», — деп жазды Әбішев өзінің Telegram-арнасында.

    Сарапшы Тоқаевтың Қазақстанның ешқандай қақтығысқа араласпайтынын, тарап таңдамайтынын және санкцияларды айналып өтуден бас тарту сияқты халықаралық міндеттемелерді қатаң сақтайтынын бірнеше рет атап өткенін еске салды. Бұл ұстаным сыртқы серіктестерге жақсы мәлім.

    Алайда Әбішевтің пікірінше, банк қауымдастығының бір бөлігі жылдам пайдаға кенелу үшін ұлттық мүддеге зиян келтіруі мүмкін ауқымды қаржылық схемаларға қатысуға дайын.

    «Президент Тоқаев қайшылықтарды тек дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды. Ресми Астана өзіне алған барлық халықаралық міндеттемелерді нақты орындайды. Бірақ жеке банктер ел экономикасына, оның сыртқы саяси ұстанымына қалай әсер ететінін ойламай, миллиардтаған долларды оңды-солды аударып жатыр», — дейді саясаттанушы.

    Оның айтуынша, реттеуші органдар немесе ірі бизнес қауіптің ауқымын дұрыс бағалай алмаған жағдайда, президентке мәселеге тікелей араласып, жағдайды «қолмен» реттеуге тура келеді.

    Фото: Ulysmedia

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →