Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Қара жәшікті» енді өзіміз тексереміз: Қазақстанда жаңа орталық ашылады

    2026 жылы Қазақстанда әуе апаттарының «қара жәшігін» тексеретін тәуелсіз орталық ашылады. Елімізде жаңа ұшақтар сатып алынып, ірі қалалардағы әуежайлар жөнделеді.

    «Қара жәшікті» енді өзіміз тексереміз: Қазақстанда жаңа орталық ашылады

    Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстанда әуе апаттарын зерттейтін тәуелсіз орталық құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    «2026 жылы Қазақстанда Көлік оқиғалары мен инциденттерін тергеу орталығы құрылады. Ол борттық тіркеуіштерді («қара жәшіктерді») тәуелсіз зерттеп, микроэлектроника саласындағы сараптамалардың түр-түрін жүргізуге, соның ішінде оларды қалпына келтіруге мүмкіндік береді», – деді министр.

    Сонымен қатар, қазақстандық әуе компаниялары биыл 9 жаңа ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша, жалпы әуе паркі 118 ұшаққа жетеді.

    Жаңа халықаралық бағыттар да ашылады. Енді қазақстандықтар Вена (Австрия), Абу-Даби (БАӘ), Эр-Рияд (Сауд Арабиясы), Сиань, Шанхай (Қытай), Дели (Үндістан) және Рим (Италия) секілді қалаларға ұша алады.

    Халықаралық әуе хабтарын дамыту үшін авиаотын құнын арзандату жұмыстары да жалғасуда. Қазір әуе отынының бір тоннасының бағасы 1000 доллардан төмен.

    Биыл бірнеше ірі инфрақұрылымдық жоба қолға алынбақ. Атап айтқанда, Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы жөнделеді, Атырау әуежайында жаңа терминал құрылысы басталады, Ақтау әуежайының перроны күрделі жөндеуден өтеді және Павлодар әуежайының аэродромы жаңартылады.

    Бұдан бөлек, Астана мен Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолағының құрылысын бастау жоспарланған. Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтау және Ақтөбе әуежайларында еркін экономикалық аймақтарды дамыту жұмыстары жалғасады.

    Ведомство Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлардың құрылысын аяқтап, Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіруді де көздеп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →