Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды •

    Рыбакинадан тарихи камбэк: 0:3 есебінен ұтылып жатып, Соболенконы жеңді

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина шешуші сетте 0:3 есебімен ұтылып жатып, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп кетті.

    Рыбакинадан тарихи камбэк: 0:3 есебінен ұтылып жатып, Соболенконы жеңді
    file_342.jpg

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшісі, беларусьтік Арина Соболенконы жеңіп, ірі турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тартысты өткен кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сетте Рыбакина қарсыласының доп беруін бұзып өтіп, 6:4 есебімен басым түсті. Бұл бөлікте Елена сенімді ойнап, Соболенкоға айтарлықтай мүмкіндік қалдырмады.

    Екінші сетте корттағы жағдай өзгерді. Арина Соболенко ойын тізгінін өз қолына алып, есепті теңестіруге тырысты. Нәтижесінде ол 6:4 есебімен қарымта қайтарып, матч тағдырын шешуші, үшінші сетке қалдырды.

    Шешуші партия Соболенконың айқын басымдығымен басталды – ол бірден брейк жасап, 3:0 есебімен алға шықты. Алайда Елена Рыбакина нағыз спорттық мінез танытып, ойын барысын түбегейлі өзгертті. Ол қатарынан бес геймді өз есебіне жазып, тарихи камбэк жасады да, матчты 6:4 есебімен жеңіспен аяқтады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →