Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Тоқаев: «Еліміздің болашағы сіздердің қолыңызда»

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, жастардың ұсыныстарын қолдайтынын және оларды жүзеге асыруға тапсырма беретінін айтты.

    Тоқаев: «Еліміздің болашағы сіздердің қолыңызда»
    file_319.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, еріктілердің бастамаларына қолдау білдірді және ең маңызды ұсыныстарды жүзеге асыруға уәде берді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президент еріктілердің қоғамдағы рөлін жоғары бағалап, олардың еңбегі ел дамуына қосып жатқан зор үлес екенін атап өтті.

    «Нағыз волонтер – тұтас қоғамның игілігін ойлайтын, еліміздің мұрат-мүддесін биікке қоятын саналы азамат. Осы орайда, бүгін мен барша еріктілерге шынайы алғысымды айтамын. Сіздер барлық игі істің басы-қасында, халқымыздың арасында жүрсіздер!» – деді Тоқаев.

    Мемлекет басшысы форумда айтылған ұсыныстардың салмақты екенін жеткізіп, олардың жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

    «Жаңа ғана бірнеше азамат сөз сөйлеп, салмақты ойларын ортаға салды. Ұтымды ұсыныстарын жеткізді. Олардың көбін мен қолдаймын, ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін», – деп атап өтті Президент.

    Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жігеріне сенім артып, ел болашағы солардың қолында екенін айтты.

    «Халқымыз «Ақыл – жастан» деп бекер айтпаған. Қазақстанның болашағы – осындай белсенді әрі жігерлі ұл-қыздарымыздың қолында. Бәріңізге «Жарайсыздар!» деп айтқым келеді», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →