Астанада -20°С аяз, Шымкентте +10°С жылы: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер еліміздің үш ірі қаласында алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Астанада аяз сақталса, Алматы мен Шымкентте күн жылынады.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елордада аяз сақталса, оңтүстік мегаполистерде күн жылынады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Астана
30 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6 м/с, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20°С, күндіз -7-9°С.
31 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20°С, күндіз -8-10°С.
1 ақпан: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -17-19°С, күндіз -5-7°С.
Алматы
30 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз -1°С-тан +1°С-қа дейін.
31 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз +1+3°С.
1 ақпан: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +5+7°С.
Шымкент
30 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз +1+3°С.
31 қаңтар: Күн құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +8+10°С.
1 ақпан: Күн құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +8+10°С.
