Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты •

    4,5 млрд теңге шығын: ҰҚК OrdaMed басшысы Еркін Ділімбетовке іздеу салды

    "OrdaMed" АҚ басшысы Еркін Ділімбетовке ҰҚК іздеу жариялады. Ол медициналық жабдықтарды жеткізу кезінде мемлекетке 4,5 млрд теңге шығын келтірді деп айыпталып отыр.

    4,5 млрд теңге шығын: ҰҚК OrdaMed басшысы Еркін Ділімбетовке іздеу салды
    file_298.jpg

    «OrdaMed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды. Бұл туралы мәлімет Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ресми дерекке сәйкес, іздеу ісі 28 қаңтарда Астана қаласында тіркелген. Бұған Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастамашы болған. Қазіргі таңда іздеу шараларын ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.

    Бұған дейін ҰҚК «OrdaMed» компаниясының басшылығына қатысты тергеу басталғанын хабарлаған еді. Арнайы қызметтің мәліметінше, компания Қазақстанда өз өндірісі бары туралы жалған құжаттарды пайдаланған. Осы арқылы мемлекеттік емдеу мекемелеріне 28 түрлі медициналық жабдықты жеңілдікпен жеткізу кезінде заңсыз артықшылықтарға ие болған.

    ҰҚК мәлімдеуінше, компания шын мәнінде дайын өнімді шетелден жеткізіп отырған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 4,5 миллиард теңгеге бағаланды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →