Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

    Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
    Фото: Ақорда
    Президентке сот төрелігін іске асырудың былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Асламбек Мерғалиев сот төрелігінің сапасы тұрақты түрде сақталғанын айтты.

    🟦Жоғары тұрған сот сатылары сот актілерінің 98,8 пайызын түзетпеген.

    🟦Әкімшілік әділет аясындағы жүйелі шаралардың нәтижесінде мемлекеттік органдармен арадағы даулар кезінде азаматтардың құқығын қорғау көрсеткіштері жақсарды: әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың 4,5 мың актісі заңсыз деп танылды.

    🟦Татуластыру рәсімдерін қолдану үлесі азаматтық істерде – 45,9 пайызды, әкімшілік істерде 11,8 пайызды құрады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс саны 11,8 пайызға азайды (500 мыңнан 441 мыңға дейін төмендеді).

    🟦Рақымшылық актісін жариялау арқылы 583 адам жазадан, 5 мыңнан аса сотталушы жазасын одан әрі өтеуден босатылды, 9,2 мың адамның жаза мерзімі қысқартылды.

    🟦Қамауда ұстауға рұқсат беруден бас тарту үлесі 25,7 пайыздан 37,5 пайызға дейін артты.

    Оның орнына үй қамағына алу екі есе жиі тағайындалды (2786-дан 5019-ға дейін ұлғайды). Бұған электронды браслетті кеңінен қолдану ықпал етті (954 адамнан 2283 адамға дейін). Бұл бюджет шығындарын оңтайландыруға және тергеудегі азаматтардың қоғаммен қарым-қатынасын сақтауға мүмкіндік береді.

    🟦Кассациялық сотқа сұраныстың жоғары екені байқалды. Жарты жыл ішінде Кассациялық сотқа 16,2 мыңнан аса арыз-шағым мен наразылық түскен. Былтырғы осы кезеңде Жоғарғы сотқа 9,8 мың арыз-шағым жасалған болатын.

    🟦Кассация арқылы түзетілген сот актілерінің үлесі азаматтық істерде – 3 пайыздан 18 пайызға, қылмыстық істерде 8 пайыздан 28 пайызға дейін ұлғайды.

    Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 3 жылда, яғни 2023 жылдан бері 55,2 пайыздан 63,2 пайызға дейін өскені жөнінде ақпарат берді.

    Президент «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асырудың, азаматтарға әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ заң үстемдігіне басымдық беріп, қоғамның сот жүйесіне сенімін арттырудың маңызын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →