Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Ақтөбе: Арзан, бірақ шіріген – Тұрақтандыру қорының көкөнісіне жұрт ашулы

    Ақтөбеде тұрақтандыру қорынан жеткізілген көкөністер шірік болып шықты. Тұрғындар арзан болғанымен, сапасыз тауарға наразы.

    Ақтөбе: Арзан, бірақ шіріген – Тұрақтандыру қорының көкөнісіне жұрт ашулы
    file_290.jpg

    Ақтөбеде тұрақтандыру қорынан сатылымға шығарылған көкөністердің сапасына қатысты дау туындады. Жергілікті тұрғындар супермаркет сөрелерінде шіріген картоп пен сәбіздің толып кеткеніне шағымдануда, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тұрғындардың айтуынша, бағасы арзан болғанымен, көкөністердің сапасы сын көтермейді. Осының кесірінен сұраныс та өте төмен.

    «Қаптағы көкөністерді сұрыптау уақытты алады. Жарамсыз тауарды жеткізушіге қайтарып, келесі күні жаңасын алдырамыз», — деп түсіндірді сауда желілерінің өкілдері.

    Тұрақтандыру қоры биыл 9 мың тонна картоп пен 2 мың тонна сәбіз сатып алған. Жауапты мекеме өкілдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің сапасы апта сайын тексерілетінін мәлімдеді.

    Сондай-ақ бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті фермерлермен арнайы келісімдер жасалған. Егер өнім сапасыз болса, шаруалар оны кері алып кетуге міндетті.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →