Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Алиментті бақылау: Жаңа ұсыныс ата-аналар арасындағы дауды ушықтыруы мүмкін

    Қазақстанда алименттің жұмсалуын бақылау туралы ұсыныс жасалды. Сарапшылар бұл бастама ата-аналар арасындағы қысым құралына айналуы мүмкін деп алаңдайды.

    Алиментті бақылау: Жаңа ұсыныс ата-аналар арасындағы дауды ушықтыруы мүмкін
    file_288.jpg

    Қазақстанда алиментке төленетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау туралы ұсыныс талқыланып жатыр. Белсенділер тобы бұл мәселені Мәжілісте көтеріп, алимент алушыларды есеп беруге міндеттеуді талап етті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Үндеу авторларының пікірінше, алимент – бірінші кезекте баланың қаражаты, бірақ оның қайда және қалай жұмсалып жатқанын тексеретін ешқандай механизм жоқ. Сондықтан олар төлемді алушыларға міндетті түрде есеп беруді, алименттің мақсатты жұмсалуын заңмен бекітуді және баланың атына арнайы шот ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Айтуларынша, ірі көлемде ақша төлейтін ата-аналар қаражаттың жұмсалуында ашықтықтың болғанын қалайды.

    Дегенмен, сарапшылар мен депутаттар мұндай шараларға сақтықпен қарау қажет екенін ескертеді. Бір жағынан, бақылау баланың мүддесін қорғауы мүмкін, екінші жағынан, бұл ата-аналар арасындағы қысым көрсету құралына айналу қаупі бар. Мамандардың айтуынша, әлемдік тәжірибеде алимент жүйесі бірінші кезекте сенімге негізделген, ал даулы жағдайлар туындаса, мәселеге қорғаншылық органдары араласады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →