Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстан-Қытай шекарасы үш күнге жабылады: Жүргізушілерге ескерту жасалды

    Қытай Көктем мерекесін тойлауына байланысты 16-18 ақпан аралығында Қазақстанмен арадағы автомобиль өткізу бекеттерін жабады. Шектеу теміржолға әсер етпейді.

    Қазақстан-Қытай шекарасы үш күнге жабылады: Жүргізушілерге ескерту жасалды
    file_283.jpg

    Қытай ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды (Көктем мерекесі) тойлауына байланысты 16-18 ақпан аралығында Қазақстанмен арадағы автомобиль өткізу бекеттерінің жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, аталған күндері адамдардың, көліктердің және жүктердің шекарадан өтуіне толықтай тыйым салынады.

    Бұл шектеу теміржол қатынасына әсер етпейді. Пойыздар штаттық режимде, яғни бекітілген кестеге сай жүре береді.

    Осыған байланысты, билік өкілдері тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді жоспарлаған азаматтардан өз бағыттарын алдын ала ойластыруды сұрайды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →