Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты •

    ҰҚК Қуат Ақшабаевқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады

    ҰҚК Қуат Ақшабаевқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады

    Фото: instagram.com/akshabaev_kuat

    Алматы облысы Іле ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Қуат Ақшабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Әлеуметтік желіде бұған дейін Қуат Ақшабаевты ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат тараған еді.

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Kazinform агенттігі тілшісіне бұл ақпаратты растады.

    – Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді, — делінген жауапта.

    Айта кетейік, Қуат Ақшабаев Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметіне 2025 жылы ақпан айында тағайындалған. Ол мұның алдында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, Рахат ауылдық округінің әкімі және Есік қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    Алматы облысы Іле ауданы әкімдігі Куат Ақшабаевтың ұсталғанға дейін өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш бергенін хабарлады.

    Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол аудан әкімінің орынбасары лауазымынан босатылған және қазіргі таңда бұл қызметті атқармайды.

    — Аталған жағдай құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылып жатыр, — деп хабарлады әкімдік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →