Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алаяқтар атыңызға несие ала ма? Асанов Конституцияны өзгертуді ұсынды

    Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов интернет-алаяқтықтың өршуіне байланысты дербес деректерді қорғауды Конституцияға енгізуді ұсынды.

    Алаяқтар атыңызға несие ала ма? Асанов Конституцияны өзгертуді ұсынды
    file_230.jpg

    Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов азаматтардың дербес деректерін қорғауды Конституция деңгейінде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оның айтуынша, бұл қадамға еліміздегі интернет-алаяқтықтың бұрын-соңды болмаған деңгейде өршуі себеп болып отыр. Асановтың сөзінше, көшедегі қылмыс 9 есеге азайғанымен, қазір барлық қылмыс түрі цифрлық кеңістікке ауысқан.

    Бұл ретте, Конституцияның жеке адамның өміріне қол сұғылмауын реттейтін 18-бабы қазіргі онлайн қатерлерді ескермейді және ескірген.

    «Қорғалмаған деректер – бұл жай ғана азаматтардың жеке мәселесі емес, ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер», — деп атап өтті Жақып Асанов.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →