Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Балқашта ірі операция: Көлден 6 шақырымға созылған заңсыз ау табылды

    Балхаш көліндегі Бертіс шығанағында арнайы тексеріс өтті. Мамандар судан ұзындығы 6 шақырым болатын заңсыз ауды алып шықты.

    Балқашта ірі операция: Көлден 6 шақырымға созылған заңсыз ау табылды
    file_220.jpg

    Балқаш көліндегі Бертіс шығанағынан ұзындығы 6 шақырым болатын браконьерлік ау тартып алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының мамандары қорықшымен бірлесіп, көл аумағына арнайы тексеріс жүргізген.

    «Су айдынын тексеру барысында судан 6 шақырымға жуық балық аулау торы шығарылды. Олар көлдің су биоресурстары мен экожүйесіне орасан зор залал келтірген», — делінген ресми хабарламада.

    Ведомство өкілдері көлдегі заңсыз кәсіпшілікті тоқтату жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →