Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Әуезов университетіндегі ірі жымқыру: 200 мыңның креслосы 20 миллионға сатылған

    М.Әуезов атындағы университетте ірі жымқыру фактісі тіркелді. ҚМА мәліметінше, басшылық 200 мың теңгелік креслоны 20 миллионға сатып алған.

    Әуезов университетіндегі ірі жымқыру: 200 мыңның креслосы 20 миллионға сатылған
    file_152.jpg

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды. Жоғары оқу орны құны 200 мың теңге тұратын креслоны 20 миллион теңгеге сатып алған болып шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, университет басшылығы күрделі қылмыстық схема құрған. Олар жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасып, тауар бағасын әдейі шарықтатып көрсеткен. Бюджеттен бөлінген ақша үлестес компаниялардың шотына аударылып, кейін қолма-қол шешіліп алынған да, өзара бөліске түскен.

    Агенттіктің хабарлауынша, бұл қылмыстық істі бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттерінің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі және бірнеше мердігер ұйымның басшылары ұйымдастырған.

    Тергеу деректеріне сәйкес, олар мемлекетке 321 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Тергеу барысында күдіктілер өз еркімен 264 миллион теңгені бюджетке қайтарды.

    Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі төрт үйге, бір автокөлікке және банк шоттарындағы 40 миллион теңгеге тыйым салынды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →