Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді •

    Петропавл: 25 грамм есірткімен ұсталған азаматты 12 жыл түрме күтіп тұр

    Петропавлда полиция синтетикалық есірткі саудагерін қолға түсірді. 33 жастағы күдіктіден 25 грамм α-PVP психотроптық заты тәркіленді.

    Петропавл: 25 грамм есірткімен ұсталған азаматты 12 жыл түрме күтіп тұр
    file_144.jpg

    Петропавлда синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Полиция қызметкерлері күдіктіні қаладағы №3 аурухана маңында қылмыс үстінде қолға түсірген. Тексеру кезінде оның жанынан 22 түйіншек есірткі табылды. Кейінірек күдіктінің өз жауабы арқылы тағы үш түйіншек жасырын қоймадан тәркіленді.

    Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 25 грамды құрайтын аса қауіпті α-PVP психотроптық заты екенін растады.

    Тергеу барысында күдіктінің бұл заңсыз «бизнеспен» өткен жылдың қараша айынан бері айналысқаны белгілі болды. Енді ол оңай олжаның орнына қатаң жазаға тартылады. Аса ірі мөлшерде есірткі саудалағаны үшін оны 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

    Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →