Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Еуропа Трампқа қатаң жауап берді: «Бұл – шектен шығу, енді шыдамаймыз»

    АҚШ президенті Дональд Трамптың одақтастарға жаңа тариф енгізу қаупіне Ұлыбритания, Дания және Франция лидерлері қатаң жауап қайтарды.

    Еуропа Трампқа қатаң жауап берді: «Бұл – шектен шығу, енді шыдамаймыз»

    АҚШ президенті Дональд Трамптың НАТО-дағы одақтастарына жаңа кедендік баж салығын енгіземін деп қорқытуы Еуропада үлкен наразылық тудырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер АҚШ президентінің бұл әрекетін «мүлдем дұрыс емес» деп бағалады. Ол НАТО одақтастарының ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға салық салу қателік екенін атап өтті. Сондай-ақ Стармер Арктикадағы қауіпсіздік бүкіл НАТО үшін маңызды екенін және Ресей тарапынан келетін қатерге қарсы бірлесе күресу керектігін еске салды.

    «НАТО-дағы одақтастардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларға баж салығын салу – мүлдем дұрыс емес», — деді Стармер.

    Дания саясаткерлері де Трамптың мәлімдемесіне қатаң жауап берді. «Дания демократтары» партиясының жетекшісі Ингер Стойберг ел «Трамптың қорқыту әдістеріне» көнбеуі керектігін айтты. Ал Дания парламентінің депутаты Пелле Драгстед мұндай қатерге «еуропалық ынтымақ пен қарсылықпен» жауап беру керектігін жазып, «бәрінің шегі бар» екенін ескертті.

    Франция президенті Эммануэль Макрон да шетте қалмады. Ол Трамптың салық қаупін «мүлдем қолайсыз» деп атап, мұндай әрекеттердің еш нәтиже бермейтінін жеткізді.

    «Ешқандай қорқыту да, үркіту де бізге әсер етпейді», — деп жазды Макрон әлеуметтік желіде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →