Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    Алматыда прокурорлар ағаш отырғызды

    Алматыда көктемгі ағаш отырғызу маусымын прокурорлар бастады. Алатау аудандық прокуратурасының қызметкерлері жаңбырлы күнге қарамастан бос жатқан жерлерге көшеттер отырғызды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық агенттігі. Олар Саялы ықшамауданына қарасты аумаққа қарағаш, үйеңкі сынды көшеттерді отырғызды. Заңның үстемдігін қадағалайтын қызметкерлер алдағы уақытта тағы бірнеше жер  учаскесін шағын орманға айналдырмақ.  «Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ағаштар бүршік атып, бәйшешек гүлдеп, табиғат жаңаратын ерекше уақыт. Ата-бабамыз бұл мезгілді өмірдің жаңа бастауы деп санаған. Бұл ұлық мереке. Наурыз 2001 жылдан бері мемлекеттік мереке ретінде белгіленіп, халық сол кезде үш күн демалады. Осы керемет мереке қарсаңында ұжымымызбен бірлесіп ағаш отырғызуды бастап кеттік. Әдемі қаланың ауасы жақсарып, тыныс-тіршілігіне нәр берсін, сән берсін деген оймен бұл істі әліде жалғастырмақпыз. Ағаш егу атадан қалған мұра, сауапты іс. Күллі түркітілдес елдеріне ортақ мереке құтты болсын. Елімізде бейбітшілік болсын, саналы, салиқалы жастар көбейсін», — деді Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.

    «Алматыны дамыту – 2025» бағдарламасы аясында қаланың «жасыл желісін» құру міндеті қойылған. Былтыр Алматыда 300 мыңнан астам ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Негізгі басымдық Алатау және Наурызбай аудандарына берілген. Тек биылдың өзінде Алатау ауданында 128 мың мың көшет егу жұмыстары жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →