Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↑€ 498,2↑₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды •

    Қазақстанда Roblox ойынына тыйым салынуы мүмкін бе? Депутат дабыл қақты

    Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ танымал Roblox ойынының балаларға төндіретін қаупіне байланысты дабыл қағып, оны тексеруді талап етті.

    Қазақстанда Roblox ойынына тыйым салынуы мүмкін бе? Депутат дабыл қақты
    file_100.jpg

    Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ танымал Roblox ойын платформасының қазақстандық балаларға төндіретін ықтимал қаупін бағалауды талап етті. Оның айтуынша, сервистің негізгі аудиториясы – кәмелетке толмағандар, ал олардың психикалық және физикалық денсаулығына төнетін қауіп ата-аналар мен сарапшыларды қатты алаңдатып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Amanat фракциясының мүшесі депутаттық сауалында бұл платформаның виртуалды тәуелділікке, агрессивті мінез-құлыққа итермелейтінін, сондай-ақ балалардың қалаусыз контентке тап болу қаупін атап өтті. Депутат әсіресе ойын чаттарын балалармен байланыс орнату үшін пайдаланатын алаяқтар мен педофилдердің белсенділігіне назар аударды.

    «Компания қауіпсіз орта құрдық деп сендіргенімен, күн сайынғы орасан зор хабарламалар ағынын толық бақылау іс жүзінде мүмкін емес. Бұл – балаларымыз үшін үлкен қатер», — деп атап өтті Үнзила Шапақ.

    Осыған байланысты депутат Үкіметтен Roblox ойынының балаларға әсерін жан-жақты бағалауды, қажет болса қосымша бақылау шараларын енгізу мүмкіндігін қарастыруды және осыған дейін онлайн ойын платформаларына қатысты тіркелген құқық бұзушылықтар туралы нақты деректерді ұсынуды сұрады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →