Алдағы күндері ел аумағында -40°С-қа дейін қақаған аяз болмақ

Фото: Pixabay

2026 жылдың 15–17 қаңтары аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы күрт суытады. Бұл туралы Қазгидромет синоптиктері мәлімдеді.

Мамандардың болжамынша, ел аумағына жаңа антициклон кіріп, температураның айтарлықтай төмендеуіне әсер етеді.

15 қаңтарда солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі ауа температурасы -30…-40°С-қа дейін төмендейді. Оңтүстікте түнде -5…-13°С, оңтүстік-шығыста -8…-17°С, ал таулы аймақтарда -20…-25°С шамасында болады.

Сондай-ақ 15–16 қаңтарда еліміздің оңтүстігінде қар жауып, боран соғып, жолдарда көктайғақ қалыптасады.

Ал 16–17 қаңтарда оңтүстік-шығыс өңірлерде қалың қар жауып, боран, тұман және көктайғақ күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін 14 қаңтарда еліміздің кейбір жолдарында қозғалыс тәртібі өзгергені хабарланған болатын.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика