Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↑€ 498,2↑₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды • Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды • Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды •

    Бірнеше сағат құдықта болған: Абай облысында жоғалған бала туралы ақпар шықты

    Бірнеше сағат құдықта болған: Абай облысында жоғалған бала туралы ақпар шықты

    Фото: Абай облысы ПД

    Абай облысының Чекоман ауылында жоғалып кеткен 8 жастағы Райян аман-есен табылды. Баланың жоғалғаны жөніндегі хабар құқық қорғау органдарына сол күні келіп түскен. Ол соңғы рет шамамен сағат 14:30-да көрінгені белгілі болды, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері және ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Бейнебақылау камераларын тексеру барысында учаскелік полиция инспекторы Алмас Бесенбеков пен ауыл әкімі Данияр Айдарбаев баланың қозғалыс бағытын анықтаған.

    Нәтижесінде баланың бірнеше сағат бойы құдық ішінде болғаны белгілі болды. Алдын ала дерекке сәйкес, бетон плитаның бір бөлігі опырылып, пайда болған саңылау арқылы бала абайсызда құдыққа түсіп кеткен.

    Құтқару жұмыстары сәтті аяқталып, бала аман шықты. Дәрігерлердің көмегі қажет болмаған. Баланың анасы іздестіру шараларына қатысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.

    Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырып, әсіресе қыс мезгілінде қауіпті аумақтар мен ашық инженерлік нысандар туралы дер кезінде хабар берудің маңыздылығын ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →