Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↑€ 498,2↑₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды • Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды • Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды • Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде БАӘ-нің бірінші құрамасын 3,5:0,5 есебімен жеңді • Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр • Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды • Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында алтын және күміс жүлде алды •

    Қарағанды облысында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

    Қарағанды облысында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

    12 қаңтар күні жолаушылар автобусы Шахтинск қаласынан шыға берісте боран мен көктайғақ салдарынан жол апатына ұшырады. Қарлы боран мен тайғақ жолда жүргізуші көлікті игере алмай, автобус жолдың жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға кезінде көлік салонында шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.

    Полиция өкілдері өңір аумағында ауа райының әлі де қолайсыз екенін ескертеді. Боран, екпінді жел және көктайғақ республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ елді мекендерге жақын аумақтарда қозғалысты қиындатып отыр.

    Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстану, күрт бұрылудан бас тарту және алыс сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыру ұсынылады. Ведомство атап өткендей, жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалысқа қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →