Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Трамп күтпеген мәлімдеме жасады: Енді ол Венесуэланың да президенті

    АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп "тағайындады". Ол бұл туралы Wikipedia стиліндегі скриншотты жариялады.

    Трамп күтпеген мәлімдеме жасады: Енді ол Венесуэланың да президенті
    file_73.jpg

    АҚШ президенті Дональд Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп тағайындады. Ол бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Америка көшбасшысы Wikipedia-дағы өмірбаян үлгісінде жасалған скриншотты жариялаған. Онда Дональд Трамп 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарушы қызметіне «тағайындалғаны» көрсетілген. Бұл ретте ол АҚШ президенті лауазымын да сақтап қалған.

    Шын мәнінде, қазіргі уақытта Венесуэла президентінің міндетін ресми түрде Делси Родригес (уақытша басшы) атқарады. Жақында ол елдегі саяси тұтқындардың босатылғанын мәлімдеген. Осы шешім аясында 18 адам бостандыққа шықты.

    Фото: Белый дом

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →