Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Швейцариядағы алапат өрт: 40 адамның өлімінен кейін бар иесі қамауға алынды

    Швейцарияда Жаңа жыл түні 40 адам қаза тапқан өртке қатысты бар қожайындарының бірі ұсталды. Мекеме 5 жыл бойы тексерілмегені анықталды.

    Швейцариядағы алапат өрт: 40 адамның өлімінен кейін бар иесі қамауға алынды

    Швейцарияда Жаңа жыл түні 40 адамның өмірін қиған өртке қатысты бардың тең қожайындарының бірі қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, қамауға алынған азамат – Франция тұрғыны Жак Морретти. Тергеу оның елден қашып кетуі мүмкін деп санайды.

    Оның әйелі, яғни Le Constellation барының екінші қожайыны Джессика қамауға алынбаған. Вале кантонының прокуратурасы ерлі-зайыптының екеуіне де «абайсызда кісі өліміне себепкер болды» деген айып тағып отыр.

    2026 жылдың 1 қаңтарына қараған түні болған өрт 40 адамның өмірін жалмап, тағы 116 адам түрлі жарақат алды.

    «Өрт Жаңа жылды тойлаушылардың бенгаль оты бекітілген шампан бөтелкелерін жоғары көтеруінен басталған. От ұшқындары төбедегі дыбыс оқшаулағыш көбікті тұтандырған», – деп есептейді прокуратура.

    Осы аптада тау шаңғысы курорты аумағында орналасқан бардың бес жыл бойы қауіпсіздік тексерісінен өтпегені анықталды.

    Фото: ВВС

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →