Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еуропадағы ірі орман өрттері: адам өлімі мен жаппай эвакуация Саудиялық ханзада Абдулла әл-Сауд Лондондағы қонақ үйден өлі табылды Рудныйдағы үйдің ішінен қорқынышты табыс табылды: сотқа дейінгі тергеу басталды Асылбек Боранбаевтың жұбайы 32 жылдық мерейтойға арнаған жылы лебізі Қазақстанда алименттерді аударудың жаңа тәртібі 2026 жылы күшіне енеді Нұрай ісі бойынша тың дерек шықты: айыпталушы 35 рет пышақ жарақатын салған Еуропадағы ірі орман өрттері: адам өлімі мен жаппай эвакуация Саудиялық ханзада Абдулла әл-Сауд Лондондағы қонақ үйден өлі табылды Рудныйдағы үйдің ішінен қорқынышты табыс табылды: сотқа дейінгі тергеу басталды Асылбек Боранбаевтың жұбайы 32 жылдық мерейтойға арнаған жылы лебізі Қазақстанда алименттерді аударудың жаңа тәртібі 2026 жылы күшіне енеді Нұрай ісі бойынша тың дерек шықты: айыпталушы 35 рет пышақ жарақатын салған

    АҚШ Сенаты Трамптың Венесуэлаға қарсы әскери қадамдарын шектеуі мүмкін қаулыны қолдады

    АҚШ Сенаты Трамптың Конгресс рұқсатынсыз Венесуэлаға қарсы әскери қадам жасауына тыйым салуы мүмкін қаулыны қолдады.

    АҚШ Сенаты Трамптың Венесуэлаға қарсы әскери қадамдарын шектеуі мүмкін қаулыны қолдады

    АҚШ Сенаты АҚШ президенті Дональд Трамптың Конгресс келісімінсіз Венесуэлаға қарсы әскери әрекетке баруына шектеу қоюы ықтимал қаулыны мақұлдады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Reuters таратқан мәліметке сүйенсек, құжатты 52 сенатор қолдап, 47 сенатор қарсы дауыс берді. Қарсы болғандардың қатарында Республикалық партия өкілдерінің бір бөлігі де бар.

    Сенат қабылдаған бастама АҚШ президентінің Венесуэлаға қатысты әскери шешім қабылдау еркіндігін тарылтуды көздейді. Яғни Конгресс нақты келісім бермейінше, Ақ үй әскери операция бастай алмайды деген талапты алға тартады.

    Бұған дейін де ұқсас ұсыныстар Конгрессте бірнеше рет көтерілгенімен, заң шығарушылар оларды өткізе алмаған. Жазбада Венесуэлаға қатысты әскери қысым 2025 жылдың күзіне қарай күшейгені айтылған.

    Құжаттың тағдыры алдағы күндері тағы бір сынақтан өтеді. Reuters мәліметінше, қаңтардың соңына қарай Өкілдер палатасы осыған ұқсас мәселені дауысқа қоюды жоспарлап отыр.

    Осы талқылаулар аясында АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланы және оның мұнайдан түсетін кірісін ұзақ уақыт бақылауда ұстауға мүмкіндік бар екенін айтты. Ол АҚШ венесуэлалық мұнайды пайдаланғысы келетінін және елге қаржылай қолдау көрсету ниеті барын жеткізді.

    «АҚШ Венесуэланы және оның мұнайдан түсетін кірісін ұзақ уақыт бақылауда ұстай алады», – деді Трамп.

    Еске салайық, 3 қаңтар күні Каракаста өткен америкалық операция кезінде Венесуэла басшысы Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстап, кейін АҚШ-қа әкеткені туралы ақпарат тараған.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →