Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Челестини: «Бернли» «Блэкбернмен» тең ойнады, бірақ соңғы 30 минутта ойынды жақсарту керек • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды • Дариға Бадықова мен Олжас Абай туралы желіде пікірталас өршіді • Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Челестини: «Бернли» «Блэкбернмен» тең ойнады, бірақ соңғы 30 минутта ойынды жақсарту керек • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды • Дариға Бадықова мен Олжас Абай туралы желіде пікірталас өршіді •

    Шымкентте аудандық полиция басшысы ұсталды: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр

    Шымкент қаласындағы аудандық полиция бастығы Батыр Мырзагелдиев 20 млн теңге парамен ұсталып, тергеуге алынды.

    Шымкентте аудандық полиция басшысы ұсталды: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр

    Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы Батыр Мырзагелдиевтің ұсталғаны ресми түрде расталды. Қауіпсіздік комитеті оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мырзагелдиевтің 20 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде ұсталғаны туралы мәліметтер тараған болатын.

    Комитеттің мәліметіне сәйкес, тергеу ісі 28 желтоқсан күні басталған. Қазіргі кезде іс бойынша нақты деректер жария етілмеген.

    «Адвокат Виктор Кривоносовпен бірге Батыр Мырзагелдиевтің мүддесін қорғай бастадық. Ол 2025 жылғы 28 желтоқсанда Қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тарапынан ұсталды. Ақпарат біржақты тараптан тарап кеткендіктен, қорғаушы ретінде өз ұстанымымызды жеткізу орынды деп есептейміз», – деді адвокат Талғат Есимов.

    Адвокаттың айтуынша, Батыр Мырзагелдиев өзіне тағылған айыптарды мойындамайды және пара алуды толықтай жоққа шығарып отыр.

    Фото: Adal.advokat.kensesi / Facebook

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →