Фото: видеодан скрин
Семей қаласының бірқатар көшелері мен аулаларында тышқандардың саны артқаны байқалып отыр. Әлеуметтік желіде тараған бейнематериалдарда кеміргіштердің қоқыс жәшіктерінің айналасында, қоршаулар бойында және қардың астында емін-еркін қозғалып жүргені көрінеді. Бұл жөнінде Qazaqtoday.info ақпарат порталы мәлімдеді.
Қала тұрғындарының сөзінше, мұндай ахуалдың туындауына санитарлық талаптардың сақталмауы және тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауы себеп болған. Әсіресе көпқабатты үйлердің аулаларында ашық жатқан қоқыс пакеттері тышқандардың жаппай көбеюіне жағдай жасап отыр.
Мамандар бұл жағдай түрлі жұқпалы аурулардың таралу қаупін күшейтетінін ескертеді. Ал тұрғындар қала әкімдігі санитарлық қауіпсіздікке жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей отыр деп, жауапты органдардың әрекетсіздігін сынға алуда.
