Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қазақстанда 27 желтоқсан күні тұрақсыз ауа райы күтіледі

    Қазақстанда 27 желтоқсан күні тұрақсыз ауа райы күтіледі

    Фото: freepik.com

    27 желтоқсанда Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Ел аумағында тұман түседі, солтүстік өңірлерде желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

    27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

    27 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

    Астанада көшпелі бұлт, аздаған қар жауады, түнде температура −11–13 °C, күндіз -6 -8 °C.

    Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -5 -7 °C, күндіз + 1 -3 °C.

    Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -4 -6 °C, күндіз + 5 -7 °C. 27 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

    27 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

    Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

    Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ, жел тұрады, жылдамдығы 18 м/с.

     Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

    27 желтоқсанда түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкенттте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Түркістанда көктайғақ, кей уақыттарда тұман күтіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →