Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    22 желтоқсан күні елдің басым бөлігінде қар жауады

    22 желтоқсан күні елдің басым бөлігінде қар жауады

    Фото: freepik.com

    Синоптиктер 22 желтоқсан күнгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық порталы.

    Алматы және Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында көктайғақ, тұман болады. Қонаев пен Алматы қалаларында да түнде көктайғақ болып, тұман түседі.

    Солтүстік Қазақстанда қыс қаһарына мінеді. Петропавлда және облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

    Көкшетауда және Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, боран болады. Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

    Абай облысында, Семей мен Өскеменде жаяу боран соғып, тұман түседі. Өңірлерде қар жаууы ықтимал, желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.

    Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының орталығы мен солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады, облыстардың батысында жел 15-20 м/с жетеді. 

    Түрістан облысында түнде оңтүстік пен солтүстікте – шаңды дауыл, батыс бөлігінде және таулы аудандарда қатты жел соғып, кей жерлерде 23-30 м/с жетеді. 

    Қарағанды облыстарында желдің 15-23 м/с жетіп, облыстардың батыс жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 

    Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігі мен орталығында тұман түседі, облыстардың солтүстік-батысы, батысында қатты жел соғады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →