Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын

    «Бетінен сүйгені дұрыс емес»: Айгерім Қалаубаева шетелдік әншімен құшақтасып, сынға қалды

    «Бетінен сүйгені дұрыс емес»: Айгерім Қалаубаева шетелдік әншімен құшақтасып, сынға қалды

    Фото: видеодан скрин

    Әнші Әйгерім Қалаубаева шетелдік танымал орындаушы Авраам Руссомен бірге түскен видеосымен әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    TikTok платформасында жарияланған бейнежазбада концерттен кейін сахна сыртында Авраам Руссоның Әйгерім Қалаубаеваны құшақтап, бетінен сүйген сәті анық көрінеді. Кадрлар желіде тез таралып, көпшіліктің назарын бірден аударды.

    Видеоны көрген қолданушылар әншінің жұбайы Нұрлан Әлімжанға қатысты түрлі пікір қалдыра бастады. Желіде «Нұрлан бұған қалай қарайды екен?», «Жұбайы болса, бұлай болмас еді», «Отбасына әсер етпесе болғаны» деген сарындағы жазбалар жиі кездесті.

    Сонымен қатар, видео астына автор «Авраам Руссо Әйгерім Қалаубаеваға ғашық болып қалды» деген жазба қалдырған. Бұл сөздер де пікірталасты одан әрі күшейте түсті.

    Желі қолданушылары екіге бөлінді: бірі бұл жағдайды өнер адамдары арасындағы қарапайым эмоциялық сәт деп қабылдаса, енді бірі мұндай әрекетті орынсыз деп бағалады. Кейбір пікірлерде «Қазақ қыздарына әлемнің өзі ғашық», «Сахнадан кейінгі әсер ғана» десе, қарсы тарап «Бөтен ер адамның бетінен сүюі дұрыс емес» деген наразылық білдірді.

    Қазіргі уақытта аталған видео әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, көпшіліктің назарында қалып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →