Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    БҚО-да жылқылар қырылып жатыр: қарға батқан үйірге кім жауапты?

    БҚО-да жылқылар қырылып жатыр: қарға батқан үйірге кім жауапты?

    Фото: видеодан скрин
    Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында жылқылардың сорға батып, қырылып жатқаны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қоғамның алаңдаушылығын тудырды. Кадрлардан жануарлардың өздігінен қозғала алмай, әлсіреген күйде жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әзірге оқиғаның нақты қашан және қандай жағдайда болғаны жөнінде ресми органдар тарапынан толық ақпарат берілген жоқ. Алайда бұл жағдай өңірдегі жайылым жерлерінің жағдайы мен мал қауіпсіздігін бақылау мәселесінің өзекті екенін тағы бір мәрте көрсетіп отыр.

    Малшылар мен жергілікті тұрғындар мұндай қауіп аймақтарында алдын ала бақылау мен ескерту шаралары жүргізілуі тиіс екенін айтады. Себебі сорлы, батпақты аумақтар жыл сайын қайталанатын табиғи қауіп көзі саналса да, нақты жауапты құрылымдардың әрекеті байқалмайды.

    Қоғам белсенділері жергілікті атқарушы биліктің дер кезінде әрекет етпеуін сынға алып, мал шығынына кім жауапты деген сауал көтеріп отыр. Бұл оқиға тек жекелеген шаруашылықтың емес, тұтас өңірдегі мал шаруашылығы қауіпсіздігін қайта қарауды талап ететінін аңғартады.

    Құзырлы органдардан ресми түсініктеме мен тексеру нәтижесі күтілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →