Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Республика күніне орай 649 сауда нысаны жеңілдіктер ұсынып отыр •

    «Алтын құрам» қайта оралмай ма? КешYou-дың қазіргі әншілері сынға қалды (ВИДЕО)

    «Алтын құрам» қайта оралмай ма? КешYou-дың қазіргі әншілері сынға қалды (ВИДЕО)
    Фото: keshyou_official парақшасынан

    Әлеуметтік желіде КешYou тобының соңғы бейнебаяны қызу пікірталасқа себеп болды. Тыңдармандар топтың қазіргі құрамын бұрынғы кезеңімен салыстырып, жаңа қатысушыларға қатысты түрлі көзқарас білдіруде, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Желі қолданушыларының басым бөлігі КешYou-дың ең сәтті кезеңі Кәмшат Жолдыбаева, Жанар Дұғалова және Айдана Меденова өнер көрсеткен уақыт болды деген пікірде. Олардың айтуынша, дәл сол құрам топтың есте қаларлық бейнесін қалыптастырған.

    Пікірлер арасында:
    «Кәмшат пен Жанардың орнын ешкім баса алмайды»,
    «Алтын құрам қайта қайталанбайды»,
    «Қазіргі құрамда харизма аз» деген сыни жазбалар жиі кездеседі.

    Дегенмен, жаңа мүшелерді қолдаған тыңдармандар да бар. Олар әр кезеңнің өз ерекшелігі болатынын айтып, қыздардың еңбегін жоғары бағалауда.

    «Әр құрам – бір дәуір»,
    «Қыздар тырысып жүр»,
    «Дауыстары жақсы, еңбегі көрініп тұр» деген пікірлер де желіде кеңінен тарады.

    Соған қарамастан, кей көрермендер соңғы видеода эмоция мен шынайылықтың жеткіліксіз екенін алға тартып отыр. Олардың пайымдауынша, бұрынғы құрамдағы энергия мен драйв қазіргі орындауларда сезілмейді.

    Қалай болғанда да, КешYou әлі де көпшіліктің назарында. Бір кездері әр құрам ауысымы ел ішінде талқыланған топтың бүгінгі өзгерістері де тыңдарманды бейжай қалдырмай отырғаны анық. Қай кезеңнің көрермен жадында сақталары – уақыт пен топтың өзіне байланысты болмақ.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от КешYOU (@keshyou_official)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →