Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    8 мыңнан астам адамнан 21 млрд теңге тартқан: «Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшысы ұзақ жылға сотталды Қазақстан «Байқоңыр» жалдауынан 2027 жылы 6,9 млрд теңге кем алуы мүмкін Гидроэнергетикалық орталықтың жұмысшылары түгел қаза болған: Непал мен Тибеттегі лай көшкінінен көз жұмғандар мыңға жуықтады Ақсудағы айқай: Жетісуда әлеуметтік үйдің қабырғасы жарылып, ауласын су басқан ҚМДБ 2027 жылғы қажылық маусымына төрт туроператорды іріктеп алды МӘМС-тен 65,9 млн теңге ұрлаған стоматология басшысы сотталды 8 мыңнан астам адамнан 21 млрд теңге тартқан: «Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшысы ұзақ жылға сотталды Қазақстан «Байқоңыр» жалдауынан 2027 жылы 6,9 млрд теңге кем алуы мүмкін Гидроэнергетикалық орталықтың жұмысшылары түгел қаза болған: Непал мен Тибеттегі лай көшкінінен көз жұмғандар мыңға жуықтады Ақсудағы айқай: Жетісуда әлеуметтік үйдің қабырғасы жарылып, ауласын су басқан ҚМДБ 2027 жылғы қажылық маусымына төрт туроператорды іріктеп алды МӘМС-тен 65,9 млн теңге ұрлаған стоматология басшысы сотталды

    SMS-хабарлама арқылы шақыру: Әскери бөлімге бармағандарға жаза қолданылады

    SMS-хабарлама арқылы шақыру: Әскери бөлімге бармағандарға жаза қолданылады

    Коллаж: Ulysmedia

    Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру тәртібіндегі өзгерістерді түсіндірді. Вице-министр Қаныш Әубәкіровтің айтуынша, енді әскери комиссариаттан жіберілген SMS-хабарлама ресми шақыру ретінде заң жүзінде бекітілді. Хабарлама алған әрбір азамат жергілікті қорғаныс департаментіне келуге міндетті, деп хабарлайды Qqazaq.today

    «SMS-хабарламаны біз заңмен бекіттік. Хабарлама алған әрбір азамат жергілікті қорғаныс бөлімшесіне келуі тиіс. Бір шақыру науқаны кезінде біз 20 мыңнан астам жасты шақырамыз», — деді Әубәкіров.

    Оның айтуынша, көшеде азаматтарды ұстап алып, күштеп әкету жағдайлары өте сирек және тек шақыруды бірнеше рет елемеген азаматтарға қатысты қолданылады.

    «Бұндай жағдай жылына 5–10 рет қана болады. Оперативтік профилактика тек бір емес, екі, үш, тіпті төрт рет шақыртуға келмеген азаматтарға қатысты жүргізіледі. Қалған жастар шақырту алып, өзі келіп, ел алдындағы міндетін орындайды», — деп түсіндірді вице-министр.

    Әубәкіров әскери қызметін адал өтеп жүргендер үшін мемлекет қосымша ынталандыру шараларын ұсынып жатқанын айтты.

    «Қазір әскерде жүрген жігіттерге кредиттік демалыс беріледі. Кеше ғана үш мыңға жуық әскери қызметші оқу грантына ие болды. Мұны да айтуымыз керек», — деді ол.

    Вице-министр ескертуге мән бермей, шақыртуға келмеген азаматтар жауапкершілікті алдымен өзінен іздеуі керегін атап өтті.

    «Шақыртуға келмейтіндер ең алдымен өзіне сұрақ қоюы керек», — деді Әубәкіров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →