Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Солтүстік Қазақстанда жабайы түлкі адамға шабуыл жасады

    Солтүстік Қазақстанда жабайы түлкі адамға шабуыл жасады

    Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

    Солтүстік Қазақстан облысында кешкі уақытта мектептен қайтып келе жатқан балаға жабайы түлкі шабуыл жасаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жасөспірімнің айтуынша, ол үйіне итпен бірге келе жатқанда, аң артынан жетіп келіп, аяғына тістемек болған. Түлкі баланың шалбарын жыртып, қолын тістеп алған. Итке де тап беріп, содан кейін қашып кеткен.

    Қатты шошынған бала қазір құтырмаға қарсы ем қабылдап жатыр.

    Өңірде соңғы кездері түлкілердің елді мекендерге жиі кіретіні байқалады.

    СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандарының түсіндіруінше, суық түскенде түлкілердің ауылға жақындауы – табиғи құбылыс. Облыста бұл жануардың саны артпаған. Сонымен қатар елді мекен аумағында түлкіні атуға тыйым салынған. Оларды тек арнайы аңшылық алқаптарда, маусым ашылғанда және тиісті рұқсат құжаттарымен ғана аулауға болады.

    «Құтырманың алдын алу үшін жабайы жануарларға – түлкі мен қарсаққа вакцина таратылады. Ветеринарлар олардың жолына арнайы препарат-брикеттер тастап отырады. Бұған дейін 10 мың доза таратылса, осы айда тағы 15 мыңға жуық брикет орман алқаптарына орналастырылады», – дейді басқарманың аңшылық және балық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Михаил Никитин.

    Оның айтуынша, биыл Ұлттық референттік орталық жабайы жануарларға мониторинг жүргізіп, Есіл, Тайынша және Мамлют аудандарында зерттеу жасаған. Нәтижесінде жануарлар арасында құтырма деректері анықталмаған.

    «Жалпы облыста құтырма және басқа да жұқпалы жануар аурулары бойынша жағдай тұрақты», – деді Никитин.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →