Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Алматыда студенттерге арналған цифрлық қауіпсіздік сабақтары басталды

    Алматыда студенттерге арналған цифрлық қауіпсіздік сабақтары басталды

    Дәрістер қаланың барлық негізгі ЖОО-ларында интерактивті форматта өтуде

    Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаладағы ЖОО студенттеріне арналған цифрлық қауіпсіздік сабақтарын өткізуде.

    «Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері 2025 жылғы 12–27 қараша аралығында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне цифрлық қауіпсіздік бойынша ауқымды лекциялар сериясын ұйымдастыруда.

    Дәрістер қаланың барлық негізгі ЖОО-ларында интерактивті форматта өтуде. Оқу барысында студенттерге цифрлық алаяқтықтан қорғанудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ мобильді құрылғылар мен онлайн-сервистерді пайдалану кезіндегі қауіптердің алдын алу бойынша практикалық әдістер түсіндіріледі.

    Кибергигиена дағдыларына ерекше назар аударылады:

    — смартфонды киберқауіптерден қалай қорғау керек;

    — фишингтік сілтемелер мен зиянды қосымшаларды қалай анықтау керек;

    — жеке деректерді қорғау үшін қандай шараларды қолдану қажет.

    Сонымен қатар, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері дипфейк технологияларына байланысты қазіргі заманғы қауіптер туралы кеңінен айтып, жеке цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде практикалық кеңестер береді.

    Сабақтардың мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →