Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Жаңа жылда қазақстандықтар қай күндері демалатыны белгілі болды

    Жаңа жылда қазақстандықтар қай күндері демалатыны белгілі болды

    Фото: Pixabay

    Қазақстандықтар алдағы жылдың қаңтарында Жаңа жыл мерекесіне байланысты ұзақ демалысқа шығатын болды. Күнтізбе бойынша бес күндік және алты күндік жұмыс режиміндегі азаматтардың демалыс мерзімі әртүрлі болады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін:

    • 30-31 желтоқсан – жұмыс күндері;

    • 1-2 қаңтар – мерекелік демалыс;

    • 3-4 қаңтар – демалыс күндері;

    • 5-6 қаңтар – жұмыс күндері;

    • 7 қаңтар – Рождествоға байланысты демалыс.

    Осылайша бұл категориядағы қызметкерлер жалпы 12 күн тынығады.

    Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

    • 30-31 желтоқсан – жұмыс күндері;

    • 1-2 қаңтар – Жаңа жылдық демалыс;

    • 3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні;

    • 4 қаңтар (жексенбі) – демалыс;

    • 5-6 қаңтар – жұмыс күндері;

    • 7 қаңтар – Рождествоға арналған демалыс.

    Бұл режимдегілерге барлығы 7 күн демалыс беріледі.

    Сонымен қатар мектеп оқушылары 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін қысқы каникулда болады.

    Еске салсақ, жыл соңында қазақстандықтар 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесінде де демалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →