Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Ақтауда екі жылда мүжілген жаңа үй: тұрғындар қауіптеніп отыр

    Ақтауда екі жылда мүжілген жаңа үй: тұрғындар қауіптеніп отыр

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Ақтаудың 39-шағын ауданындағы 11-үйдің фасады небәрі екі жылдың ішінде үгітіліп, тастары үзіліп түсіп жатыр. Жаңа салынған үйдің қабырғаларының арасынан топырақ қопсып, қуыстар пайда болған.

    Айтуларынша, осылай жалғаса берсе, қабырғаның сырты құлап, адамға зиян келтіруі әбден мүмкін.

    Тұрғындар бірнеше рет тиісті мекемелердің табалдырығын тоздырғанымен, мәселе сол күйі шешілмеген. Үйдің кепілдік мерзімі аяқталуға жақын, ал құрылыс компаниясы уақыт созып отырғандай әсер қалдыруда.

    Тұрғындардың ашуын тудырған тағы бір жайт — осындай сапасыз ғимаратты қабылдап алған әкімдік өкілдері бұл жағдайға байланысты нақты түсініктеме бермей, бақылауды күшейту орнына үнсіз қалғаны.

    Ал енді халықтың өміріне қауіп төндіріп тұрған ақауларды кім жөндейді? «Жаңа үй қауіпсіз» деген сенімнің күл-талқанын шығарған құрылыс сапасына кім жауап береді?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →