Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті •

    Енді дәрігерге жұдырық ала жүгіргендер 3 жылдан 12 жылға дейін жазаланады

    Енді дәрігерге жұдырық ала жүгіргендер 3 жылдан 12 жылға дейін жазаланады
    Фото: istockphoto.com

    Парламент Мәжілісі медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдататын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қылмыстық кодекске медицина мамандарына немесе жедел жәрдем жүргізушілеріне қызметтік міндетін орындау кезінде күш көрсеткені, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қол сұққаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктейтін жаңа бап енгізіліп отыр.

    Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданғаны үшін немесе күш қолданбақ болғаны үшін 500-ден 1 000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы ұсынылады. Егер ауыр әрекет жасалса, жаза 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде күшейтіледі.

    Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға қатысты 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ауыр жағдайда жасалған болса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →