Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жүрегіне шұғыл ота жасалды: Петропавлда ащы кеспемен бірге энергетик ішкен жігіт өліп қала жаздады • Тоқаев Дженсен Хуангты «нағыз аңыз» деп атап, алғыс білдірді • Ұлттық банк кредиттер бойынша жеңілдіктердің мерзімін ұзартты • Тоқаев: Университеттер қолдауымен студенттер 22 мың жоба әзірледі • Қазақмыс тау-кен жабдықтарын жаңартуда: кеніштерге төрт жаңа бұрғылау қондырғысы жеткізілді • Тоқаев: Соңғы жеті жылда Қазақстан экономикасы 398 млрд долларға жетті • Жүрегіне шұғыл ота жасалды: Петропавлда ащы кеспемен бірге энергетик ішкен жігіт өліп қала жаздады • Тоқаев Дженсен Хуангты «нағыз аңыз» деп атап, алғыс білдірді • Ұлттық банк кредиттер бойынша жеңілдіктердің мерзімін ұзартты • Тоқаев: Университеттер қолдауымен студенттер 22 мың жоба әзірледі • Қазақмыс тау-кен жабдықтарын жаңартуда: кеніштерге төрт жаңа бұрғылау қондырғысы жеткізілді • Тоқаев: Соңғы жеті жылда Қазақстан экономикасы 398 млрд долларға жетті •

    Жүрегіне шұғыл ота жасалды: Петропавлда ащы кеспемен бірге энергетик ішкен жігіт өліп қала жаздады

    Жүрегіне шұғыл ота жасалды: Петропавлда ащы кеспемен бірге энергетик ішкен жігіт өліп қала жаздады

    Фото: istockphoto.com

    Петропавл қаласының тұрғыны әдеттен тыс тағам үйлесімін тұтынғаннан кейін ауыр жағдайға тап болды. Ащы кеспе, газдалған сусын және энергетик ішкен ер адамнан жедел панкреатит анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media басылымына сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Мәліметке сәйкес, ер адам денсаулығының нашарлағанын алғашында елемей, ауырсыну біртіндеп басылады деп ойлаған.

    Алайда ауруханада жағдай күрт қиындаған. Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болған.

    «Науқас хирургия бөліміне жеткізілді. Жағдайы тез нашарлағандықтан, дәрігерлер шұғыл ота жасады. Одан кейін ер адам жансақтау бөліміне ауыстырылды. Тыныс алуында күрделі мәселелер туындағандықтан, оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосты», – деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

    Жалпы емдеу шаралары 20 күнге созылған. Қазір ер адам ауруханадан шығарылды. Үйіне қайтар алдында ол медициналық қызметкерлерге көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін жеке алғысын білдірген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →