Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Жолдауы: 70-ке жуық медициналық нысан салынып, дәрігерлер жалақысы 40%-ға өседі • Алматыда зорлық жасады деп күдікке ілінген жігіт өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстандық режиссер Медет Шаяхметов GTA VI жарнамалық ролигін түсірді • «Комфорт санатындағы үй алдық, бірақ жағдай жоқ»: Астанада G-Park салған үш тұрғын үй кешенінің тұрғындары шағымданды • Қарағандыдағы саунада өрт шығып, адамдар эвакуацияланды • Астана мен Алматыда Дима Билан концертіне жалған билеттер сатылып жатыр • Тоқаев Жолдауы: 70-ке жуық медициналық нысан салынып, дәрігерлер жалақысы 40%-ға өседі • Алматыда зорлық жасады деп күдікке ілінген жігіт өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстандық режиссер Медет Шаяхметов GTA VI жарнамалық ролигін түсірді • «Комфорт санатындағы үй алдық, бірақ жағдай жоқ»: Астанада G-Park салған үш тұрғын үй кешенінің тұрғындары шағымданды • Қарағандыдағы саунада өрт шығып, адамдар эвакуацияланды • Астана мен Алматыда Дима Билан концертіне жалған билеттер сатылып жатыр •

    Тоқаев Жолдауы: 70-ке жуық медициналық нысан салынып, дәрігерлер жалақысы 40%-ға өседі

    Тоқаев Жолдауында 70-ке жуық медициналық нысан салу, 8 перинаталдық орталық пен 7 балалар ауруханасын тұрғызу және дәрігерлер жалақысын 40%-ға өсіру көзделген.

    Тоқаев Жолдауы: 70-ке жуық медициналық нысан салынып, дәрігерлер жалақысы 40%-ға өседі

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында денсаулық сақтау саласына қатысты бірнеше маңызды бастама көтерілді. Олардың қатарында 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу, сегіз замандық перинаталдық орталық пен жеті көпбейінді балалар ауруханасын тұрғызу, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін мамандардың жалақысын өсіру мәселелері бар.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл шаралар медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтың маңызы туралы Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының директоры Райфа Сафиоллинова пікір білдірді.

    Сарапшының айтуынша, Президент Жолдауының негізгі өзегінде адам, оның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы тұр. Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылымды, соның ішінде одан әрі жаңғыртуды қажет ететін денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше назар аударды.

    Еліміздің өңірлерінде медициналық мекемелер салу басым бағыттың біріне айналмақ. Алғашқы кезеңде ауруханаларды, перинаталдық орталықтарды, жедел медициналық жәрдем станциялары мен балаларды оңалту орталықтарын қоса алғанда, 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынбақшы. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорт залын ашу көзделген.

    «Жолдаудың өн бойында басты ой – адам мен елімізде сапалы өмір сүруге жағдай жасау мәселесі айқын көрініс тапқан. Денсаулық сақтау саласының өкілі ретінде бірнеше негізгі бағытты атап өтер едім. Әрине, медициналық нысандар құрылысының ауқым алғаны қуантады. Бұл саланың дамуына жаңа серпін беріп, инфрақұрылымды жаңартып, медициналық көмектің сапасын арттыруға сеп болады», – дейді Райфа Сафиоллинова.

    Президент тапсырмасының жеке бір бағыты ана мен баланы қорғауға арналған. Қазақстанда ауқымды құрылыс жұмысының алғашқы кезеңінде сегіз замандық перинаталдық орталық салынады. Сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей мен Ақтау қалаларында жеті көпбейінді балалар ауруханасы, Астанада екі медициналық нысан салынбақ.

    «Жолдауда ана мен баланы қорғау басымдығы нақты белгіленген. Ол үшін замандық перинаталдық орталықтар мен көпбейінді аурухана салу қажет. Бұл балаларды оңалту қызметін дамытады. Ең бастысы, балаларымыз сапалы, бейінді және маманданған медициналық көмек ала алады», – деді сарапшы.

    Жолдаудағы тағы бір маңызды бағыт – алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаңғырту. Президент жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттіктерін кеңейтіп, денсаулық сақтау саласының бастапқы буынын қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен арттыруды тапсырды.

    «Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаңғыртып, осы деңгейде жұмыс істейтін мамандардың өкілеттігін кеңейтуге ерекше тоқталғым келеді. Сондай-ақ бастапқы буын мамандарының жалақысын 40 пайызға дейін көтеру керек. Өйткені науқасты алғаш қабылдайтын, ауруды анықтауға қатысатын – дәл осы мамандар. Сондықтан медицина қызметкерлеріне көрсетілетін мұндай қолдаудың маңызы зор», – дейді Райфа Сафиоллинова.

    Жолдауда ел дамуының маңызды бағыттары ретінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу мәселесі де қамтылды. Президент замандық технологияларды экономиканың түрлі саласы мен қоғамдық өмірде практикалық тұрғыдан қолдану аясын кеңейтуді міндеттеді. Райфа Сафиоллинованың пікірінше, цифрлық трансформация денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін де өте қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →