Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Атырауда анасы мен балалары газдан уланды

    Атырауда анасы мен балалары газдан уланды

    Фото: Pixabay

    24 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында Мақат ауданының Доссор кентінде төтенше жағдай орын алды. Екі бала анасымен бірге газ иісіне уланып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта олар үйіне жіберілді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хаабарлауынша, Доссор кентінің тұрғынына өз үйінде тұрмыстық газдың иісі тиіп, өзі және екі баласы – 12 жастағы ұлы мен 7 жастағы қызы шұғыл түрде жедел медициналық қызметпен аудандық ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетіп, балалардың жағдайы тұрақтанған соң оларды үйлеріне жіберді.

    Мамандар 41 жастағы әйелді бақылау ұстау үшін қалдырмақ болған, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.

    «24 қараша күні Доссор кентіндегі Ш.Еркешов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты 1984 жылы туған пәтер иесі, сондай-ақ 2012 жылы туған ұлы мен 2018 жылы туған қызының көміртек тотығымен уланғаны туралы жедел жәрдем қызметінен ақпарат түсті», – делінген ТЖД таратқан хабарламада.

    Мамандар газдың шығу себебі анықтап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →