Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді •

    «Ұрысып қалдық»: Жігер Ауыпбаевты тастап кеткен Қойшы бала тағы продюсер ауыстырды

    «Ұрысып қалдық»: Жігер Ауыпбаевты тастап кеткен Қойшы бала тағы продюсер ауыстырды

    Фото: әлеуметтік желі

    Қойшы бала лақап атымен танылған Айдос Кәден тағы да продюсер ауыстырды. Бұл туралы ол НТК арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Еске салайық, осыдан 4 жыл бұрын өнерін қойларына көрсетіп жүрген жас талантты, Жігер Ауыпбаев ауыл қорасынан суырып алып, сахнаға шығарған-ды.

    Алайда Жігер Ауыпбаев пен Қойшы баланың жұмысы ұзаққа бармады. Шәкірті мен ұстазы бір-біріне деген өкпесін әлеуметтік желіде жарыса жазған еді. Даудың арты продюсерді ауыстырумен шешілді ме деп ек, бірақ көп ұзамай, әнші бала ол жетекшімен де тіл табыса алмаған.

    – Мен ол кісімен ұзаққа барғым келген жоқ. Кейде ұрсысып қаламыз. Ұзаққа шаппайтынымыз белгілі болды. Енді мен оны әрі қарай созып, құр босқа жүргім келген жоқ. Сол жерден тоқтаттым, — дейді әнші Айдос.

    Оған себеп процесстің жоқтығы деп ақталды, қойшы бала. Продюсерімен жұмысы ұнамаса өзі тоқтатып, артынша бірден жаңа жетекші табуға еті үйренген Айдос бұл жолы да әдетінен танбады.

    – Қазір тағы да жаңа продюсермен жұмыс істеп жатырмыз. Сыйластық бар бір біріміздің ортамызда, — дейді ол.

    Жаңа продюсер танымал қойшы баланың тұрақсыздығынан қорықты ма белгісіз, бірден келісімшартқа отыруды ұсынған:

    – Қазір 5 жылға келісімшартқа отырдық. Егер де кімде-кім бірінші келісім-шартты бұзатын болса, айыппұл 17 миллион теңге, — дейді ол.

    Әли Нұржанов, продюсер:

    «Қойшы баланың брендін қалыптастыру керек. Әлі ол әлі қалыптаспаған бала. Оны барынша жоғарыға қарай шығарсақ деген ниет бар»

    Өнер иелерінің жұмыс істегеніне әлі 1 ай толмаған. Бірақ, әнді де жазып, бейнебаян да түсіріп үлгерген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →