Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    Самат Смақов отандық клубтардың біріне бас бапкер болуы мүмкін

    Самат Смақов отандық клубтардың біріне бас бапкер болуы мүмкін

    Фото: Sports.kz

    Қазақстандық маманның «Оқжетпес» командасының тізгінін ұстау ықтималдығы жоғары.

    Себебі, көкшетаулық команда бұрынғы бас бапкері Қайрат Нұрдәулетовпен келісімшарт мерзімін ұзартпаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Самат Смақов 1978 жылы туған. 1997-2017 жылдары «Елімай», «Ертіс», «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Ордабасы» секілді отандық, «Ростсельмаш» (Ресей), «Ризеспор» (Түркия) сияқты шетелдік клубтарда доп тепті.

    2018 жылдан бері бапкерлікпен айналысып келеді. «Астана» клубының техникалық директоры болды. Семейдің «Елімай» клубын премьер-лигаға шығарғаны да бар. Өткен жылдан бері талдықорғандық «Жетісу» клубының бапкері.

    Сонымен қатар, С.Смақов – Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ең көп ойын өткізген рекордшы.

    Бірнеше ай бұрын ол легионерсіз қазақ футболы құлдырайтынын айтқан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →