Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    UEFA Қазақстандағы бір стадионға 81 рет ескерту жасаған

    UEFA Қазақстандағы бір стадионға 81 рет ескерту жасаған

    Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Baitassov Live арнасына берген сұхбатында айтқан. Оның сөзінше, UEFA тарапынан Алматыдағы Орталық стадионның техникалық және қауіпсіздік талаптарына сай келмеуіне қатысты ескерту көп болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    – Барлығы біледі, біздің стадион ескірген. Физикалық жағынан да, моральдық тұрғыдан да. «Селтикке» қарсы ойынды UEFA ұйымдастырды. Сол кезде олардың комиссары келіп, барлық талапты тексеріп шықты. Сосын бізге 81 ескерту жасалды. Бұл – өте көп ескерту, – деді ол.

    Қайрат Боранбаевтың пікірінше, «Селтикке» қарсы матч алдында клуб өкілдері UEFA мамандарымен бірлесіп, бірқатар кемшілікті жойған.

    – Біз 2 күн бойы сол мамандармен бірге жұмыс істедік. Соның нәтижесінде ескертулер санын 81-ден 21-ге дейін қысқарта алдық. UEFA үшін ең маңыздысы – қауіпсіздік. Олар стадионға артық адам кіргізуге қарсы, әсіресе өту жолдарының бос болуын қатаң бақылайды, – деп қосты «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы.

    Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі ойынын шотландиялық «Селтикке» қарсы осы Орталық стадионда өткізген еді. Ал топтық кезеңде алматылық ұжым мадридтік «Реалдан» жеңіліп, кипрлік «Пафоспен» тең тарқасты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →