Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстан Boeing компаниясымен өте ауқымды келісімшарт жасады

    Қазақстан Boeing компаниясымен өте ауқымды келісімшарт жасады

    Жаңа тапсырыс 2032-2035 жылдар аралығында жеткізілмек, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Air Astana» әуе компаниясы Boeing 787-9 Dreamliner ұшақтарын жеткізу жөнінде Boeing компаниясымен келісімге қол қойды.

    Әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл тапсырыс бұған дейінгі үш Boeing 787-9 ұшағын жеткізу туралы келісімді толықтырады. Аталған ұшақтар 2026-2027 жылдары жеткізіледі деп болжануда, нәтижесінде жалпы саны 18 ұшаққа дейін ұлғаяды.

    Жаңа тапсырысты 2032-2035 жылдары аралығында жеткізу жоспарланған.

    Сондай-ақ, 18 Boeing 787-9 ұшағының (қозғалтқыштарымен қоса) жалпы құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →