Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді •

    Қазақстандағы футбол клубтары 100 пайыз жекеменшікке өтуге жақын

    Қазақстандағы футбол клубтары 100 пайыз жекеменшікке өтуге жақын

    Фото: Қайрат футбол клубы

    Мұндай мәліметті Қазақстан футбол федерациясының кәсіби жарыстарды ұйымдастыру дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр айтып отыр.

    Оның сөзінше, еліміздегі барлық кәсіби футбол клубы алдағы 2-3 жыл аралығында жеке инвесторлардың қарамағына беріледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    2025 жылдың өзінде 4 футбол клубы жеке басқаруға өтті.

    Үкімет басшысы Олжас Бектенов Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес ұйымы Freedom Finance Қарағандының «Шахтер» футбол клубы үшін стадион мен футбол академиясын салуға қызығушылық танытқанын хабарлады.

    Сонымен қатар, кәсіпкер Сергей Канға тиесілі «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» Петропавлдың «Қызылжарына» қызығушылық танытса, Михаил Ломтадзе тең иелік ететін Kaspi Group Астананың «Жеңіс» клубын басқарып, футбол инфрақұрылымын дамытуға қаржы құюды жоспарлап отыр.

    Жақында «Қайсардың» жекеменшікке өткенін хабарлаған едік.

     

    – Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы жеке кәсіпкерге берілді. Инвестор екі жыл ішінде 12 миллиард теңгеге жаңа академия салуға міндеттеме алды. Негізгі назар балалар футболына және жаттықтырушыларды даярлауға аударылады, – деді Бақытжан Пазылхайыр.

     

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров та «Ақтөбе» футбол клубының жекеменшікке өтетінін мәлімдеді.

    Қазақстанда 32 кәсіби футбол клубы бар, олардың 35%-ы жекеменшікте. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл процесс басқару моделін өзгертетінін, жаңа иелер үшін басты мақсат спорттық нәтиже мен қаржылық тиімділік екенін атап өткен.

    Бұған дейін Турлов «Шахтер», Ломтадзе «Жеңіс» футбол клубын сатып алуды көздеп отырғанын хабарладық.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →